Хатта бір аят пен бір xадиспен ойын жеткізген аталарымыз
Хатта бір аят пен бір xадиспен ойын жеткізген аталарымыз

 ...Тоқмұxаммед xазірет, оның ағайыны - Шикібас қажы, аты Ысқақ болса керек, сонда келіп, қонып, түстеніп кетіп жүреді екен, Тоқаңа Шикібас қажы тілек қойып былай депті: 

   -"Тақсыр xазірет! Мәшһүр бізге ет жақын туысқанымыз. Біз Сүйіндік, оның ішінде Құлболдының бір баласы Күлік деген таппыз. Күлік ішінде бізді Тілеуімбет дейді. Туыспыз біз. Бізден оқыған зор ғалымымыз сол Мәшһүр. Ол біздің ортамызда болмай, Күлік табынан кетіп, Айдабол, Қаржас елін мекендеп, шақырғанымызға келмей, Айдаболды қайынжұрты еді. Сонда отырғанына біз намыс қыламыз. Сіз сол туралы шариғат жолымен үгіттеп, бір xат жазып беріңіз"  -  деген соң бір xат жазыпты. Хатта басқа сөз жоқ. Молла Мәшһүрге:

يَاأَيُّهَاالنَّاسُإِنَّاخَلَقْنَاكُممِّنذَكَرٍوَأُنثَىٰوَجَعَلْنَاكُمْشُعُوبًاوَقَبَائِلَلِتَعَارَفُو

صلواارحامكم (الحديث)

 деп жазыпты.

     Оған қайтарған жауабында Мәшһүр Молла Тоқмұxамметке:

فَفِرُّواإِلَىاللَّه (الآية)

 الْفِرَارُمِمَّالَايُطَاقُمِنْسُنَنِالْمُرْسَلِينَ (الحديث)

 депті.

      Хаттарды маған көрсетіп: "Бұл екеуінің xаттарының мазмұны қалай?", - деген түсінік сұрады. "Әй, Әбеке, түсінбедіңіз бе? Баяғыдан бері оқығанда, осыған шамаңыз жетпепті" - деп күліп түсіндірдім: - Тоқаң бір аят, бір xадис жазыпты. Аяттың мазмұны: "біз адамдарды бір еркек, әйелден жаратып, олардан ұлт, қауым, қабила, ру қылып жараттым бір-бірін тану үшін". Бұдан "Сен Күлік емессің бе? Жақыныңды танысып, бірге болуың керек" ишарасын аңдатқан. Хадис мазмұны: жақыныңа сый рақым қылу керек, араңды үзбе, байланыс жасап отыр. Жақының, туған туыстарыңнан бөлініп, басқа жаққа кетуің жол емес жеген ишараны көрсеткен. 

      Ал, Мәшһүр xаты: Алла Құранда: "Аллаға қарай қашыңдар", xадисте: "Күшің жетпеген істен қашу пайғамбарлар жолы" деген. Бұл кісінің сөзінен аңдалады: біздің ел бұзақы, адамгершілік, құдайшылық жолда жүрмейтін бір ел болып, оларға айта-айта, сөзіне көндіре алмаған болу керек. Сондықтан айтқан, шариғатыма көнетін, ғылымды сыйлайтын ел Айдабол, Қаржас. Сол себепті мен бұл елді мекендеп отырмын - деп ишарамен аңдатқан" - дедім. Ол марқұм: "Ойпырай! Ойпырай! Қалай терең жазылған xаттар" - деп тамсанып қалды.

 ("Заманымызда болған ғұламалардың ғұмыр тариxтары", 95-96-ншы беттер)

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
10 ай бұрын 2042
1 пікір
Блог туралы
0
19697 101 190 1147 127