Иғтикаф
Иғтикаф

  Бүгін сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.У.)-ның сүннеті болып табылатын маңызды құлшылық иғтикафқа басталатын күн. Осыған байланысты “Асыл арна” түсірген бағдарламамызды көріңіздер...

  Иғтикаф дегеніміз – жамағатпен намаз оқылатын мешітте немесе мешіт үкіміне кіретін бір жерде Аллаға жақындау мақсатымен, белгілі уақытқа ниет білдіріп, ешқайда шықпай құлшылық ету. 

  Иғтикаф уәжіп және бекітілген сүннет және мұстахаб болып үшке бөлінеді. Иғтикафқа кіруге нәзір (серт берілген) етілген болса уәжіп болады. Рамазан айының соңғы он күнінде жасалған иғтикаф бекітілген кифая сүннет. Рамазаннан басқа уақыттарда ғибадат-құлшылық ниетімен иғтикафқа кіру мұстахаб.

  Иғтикафтың шарттары: Иғтикафқа кіретін адам ақыл-есі дұрыс, жүніптіктен, хайыз және нифастан тазарған, иғтикафқа шынайы ықыласпен ниет еткен болуы керек. Иғтикаф мешітте немесе мешіт аумағына кіретін орында болуы керек. Уәжіп иғтикафта ораза ұстау керек.   

  Иғтикафқа кірген адам мешіттен себепсіз сыртқа шықса немесе әйелімен жақындасса иғтикафы бұзылады. Егер мешіт төңірегіндегі діни шаралар немесе зәрулік себебімен мешіттен шықса иғтикафы бұзылмайды...

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
4 жыл бұрын 3152
3 пікір
  • Ассалаумағалайкум! Алла разы болсын!
    Иғтикафқа бару үшін үй жағдайыңды реттеуің керек, жұмыстан сұрану керек деген секілді өз ережелері бар екенін біле тұра кеткен пенделерді көрдім, естігендерім қаншама. Мен де үміттімін, мен де Иғтикаф жасағым келеді, бірақ отбасын екінші кезекке қойған адамдардың салафилік, уахабтық жамағатынан байқаймын. Ұлтымыз біреу, мемлекетіміз біреу, былайша айтқанда ата-анамыз бір бола тұра неге осындай жікшілдер мұсылман ұлтымыздың ішінен ерекшеленіп іріткіленіп жүргенін түсінбеймін. Түсінгім келіп тырысып та көрдім. Жастар көпшілігі десек те сол жастарды жетекшілік етеін өзімнің замандас құрдастарым екенін көзім көріп жүр. Ғайбат айтып кетсем Алла кешіре гөр! Астағфиралла!
    Ел үшін, болашақ үшін деп Елбасымыз татулық пен бірлікке шақырып ұлылыққа тәрбиелеп жатқанда мынандай ағымдар міндетті түрде кері әсерін тигізуде. Ұлтжанды адам - санасы биік білімді адам! Дініне берік адам - өресі кең адам! Елдің қамын ойлаған адам - нағыз мүмін мұсылман адам!
    Сенің жамағатың дұрыс емес деп қоғамнан ерекшеленіп киім киіп, қырық күн қапастан шыққандай түр-кедбетімен ерекшеленген жамағат өкілдерін көргенде біз түгілі балаларымыз шошып қорқатын болды. Алла оларды еліміздің, ұлтымыздың ортақ құндылықтарына мойын бұруын нәсіп етсін! Елбасымызбен бірге еңсемізді бірге көтеріп Алланың рахымына бөленейік! Қай мұсылман ата-анасының тілін алмаса жұмаққа барады? Ешкім бармайды мұндай қағылездерден. Сондықтан да Елімізді ұйытып отырған, бейбіт өмір үшін, намазымызды тыныш отырып оқуымызға жағдайымызды жасап отырған ата-анамыз - Елбасымыздың айтқанын істеп қолқанат болайық мұсылман бауырлар! Аллаһу Акбар! Әмин!
    4 жыл бұрын
  • Уа алейкум салам, Абдіқадір аға. жақсы айттыңыз. Сізге толық қосылам
    4 жыл бұрын
Блог туралы
0
19697 101 190 1147 127