ЖАҚСЫ АДАМДАР
ЖАҚСЫ АДАМДАР

 

 Ақиқатында, адамдардың арасында жақсылықтың кілті, жамандықтың құлпы болған кісілер бар. Және адамдардың арасында жамандықтың кілті, жақсылықтың құлпы болғандары да бар. Жақсылықтың кілті болған адамдар қандай бақытты жандар, ал, жамандықтың кілті болғандарға нендей қасірет! (Хадис)

 

 Жақсы адамдар - шөлдеген қара топыраққа Алланың рақымы болып жауған жаңбырға ұқсайды. Өз мезгілінде жауған жаңбыр,маужырап қалған табиғатты тірілтіп, жер бетінің көздің жауын алатын қызылды-жасылды әдемі түске енуіне, көкмайса жайлау, көлеңкелі ағаш, бәріне де көмегін тигізеді. Аптапты басып, ауаны тазартып, жанға жайлы рахаттық сыйлайды.

 

   Сол секілді жақсы адамдар да таза ниеті, жанашыр қамқорлығы, мейірімге толы жылы сөздерімен қатайған жүректерді қайта тірілтеді. Өмірде сондай жақсы жандарды кездестрдім: қат-қабат қиын кезеңдерге тап болып, күйзеліске душар болғандардың жанын түсініп, ішкі қажеттілігін сезініп, қатардан шығып қалмауы үшін барын салып көмектеседі. Өмірде өз жолын қайта табуына түрлі шаралар ұйымдастырып, көппен араластырып, қайғысын ұмыттырып әлеуметтік ортаға қайта бейімдейді.

 

   Жақсы адамдар - ұсақ сөздерге мән бермейтін ірі, алысты жақын, аразды тату ететін кең, ыдырағанды біріктіріп, бәрінің басын қосып отыратын көшбасшылық қасиетке ие жандар. Позитивті энергиясымен жан-жағына сәуле шашып, кемшілікке қадалмай, жақсы жақтарын алға шығарып мотивация беріп жақындарын серпілтіп, дамыуына ықпал етеді.

   

    Аз ғана уақытта бәдәуи қоғамды мәдени қоғамға айналдырған Алла Расулі Мұхаммед () жақсы адам болуда бәрімізге үлгі. Қарым-қатынаста барлық кісілерді қоғамдағы статусына қарамай адам орнына қойып, жылы сөйлесіп кішіпейілділігімен жүректерді жаулайтын...

 

   Жақсы адам болу - ашылып келгенге алақан, жұмылып келгенге жұдырық бола алмау, көнсе ақылға, көнбесе тақымға сала алмау деген сөз емес...

  

   Рухани құндылықтар құлдырап, адами тәрбие тоқыраған мына заманда, жақсы адам болып қалу қиынның қиыны. Жан-жағыңдағы түрлі негатив шаршатады, эмоционалды және физикалық неше түрлі "шығынға" ұшыратады. Адамдықтан айырылмаған ұтылып, адалдықтан аттағандар ұтқандай болып көрінеді. Бәріне шыдап өзгеріп кетпеу үшін табандылық, қажымас қайрат, күш-жігер, мол энергия керек. Ал, "энергияның" көзі - жайнамаздың үстінде оңаша Раббыңмен "сырласу" болса керек-ті.

عَنْأَنَسِبْنِمَالِكٍرَضِيَاللَّهُعَنْهُقَالَقَالَرَسُولُاللَّهِصَلَّىاللَّهُعَلَيْهِوَسَلَّمَ:"وَمِنَالنَّاسِنَاسٌمَفَاتِيحُلِلْخَيْرِمَغَالِيقُلِلشَّرِّوَمِنَالنَّاسِمَفَاتِيحُلِلشَّرِّمَغَالِيقُلِلْخَيْرِفَطُوبَىلِعَبْدٍجَعَلَاللَّهُمَفَاتِيحَالْخَيْرِعَلَىيَدَيْهِ،وَوَيْلٌلِعَبْدٍجَعَلَاللَّهُمَفَاتِيحَالشَّرِّعَلَىيَدَيْهِ

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
10 күн бұрын 440
0 пікір
Блог туралы
0
19697 101 190 1147 127