Қасас сүресіндегі Қарун байдың ғибраттары
Қасас сүресіндегі Қарун байдың ғибраттары

...Қарынбай деген бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты. Бірақ ол жетім-жесірге, кедей-кепшікке мүлдем қарайласпайды екен. «Сендер жұтып отырған ауа да менікі» деп малшы-жалшыларының маңдай тер ақысын да бермейтін көрінеді...

Қасас сүресі (76-84 аяттар):

Рас Қарұн, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: “Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді” деді. (76)

“Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді. (77)

Қарұн: “Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді.” деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды. (78)

Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; дүние тіршілігін қалағандар: “Әттең! Бізге де Қарұнға берілген тәрізді болса; өйткені ол, зор ырыс иесі” деді. (79)

Өздеріне білім берілгендер: “Алланың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді” деді. (80)

Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Алладан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді. (81)

Кеше оның орнында болуды көксегендер: “Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды.” (82)

Міне ақырет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін. (83)

Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана сазайы беріледі. (84

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 жыл бұрын 861
2 пікір