Рамазан айында өзгере алдық па?
Рамазан айында өзгере алдық па?
                                               "فضل الجمعة في رمضان كفضل رمضان على الشهور"
   "Рамазан айындағы жұма күнінің артықшылығы - Рамазан айының қалған  айлардан артықшылығы секілді" (Жабир р.а.тан Хадис, Дайлами).

Ақшасын xалық үшін жұмсау қандай жақсы болса, xалықты ақша үшін қолдану сондай жаман.

Дүниесін дін үшін қолдану қандай жақсы болса, дінді дүние үшін қолдану сондай жаман.

Адалдық үшін мансабын құрбан ету қандай жақсы болса, мансап үшін адалдық пен намысын құрбан ету сондай жаман.

Досы үшін жанын салу қандай жақсы болса, "жаны" үшін досын сату сондай жаман.

РАМАЗАН айында жақсылық жасау қаншалықты үлкен сауап болса, Рамазан айында жамандық жасау соншалықты күнә...

“Ибн Аббастан (р.а.): Күндердің, айлардың және амалдардың ең қайырлысы (абзалы) қайсы - деп сұралғанда, мүбарак сахаба: «Күндердің қайырлысы – Жұма, айлардың қайырлысы – Рамазан, амалдардың қайырлысы – уақытында өтелген парыз намаз», – деп жауап берген екен.

Ибн Аббастың жоғарыдағы жауабын адамдардан есіткен Али (р.а.): «Бұл сұрақтар Батыс пен Шығыстың ғұламалары мен даналарына, фақиһтарына қойылса да нақ Ибн Аббастай жауап бере алмас еді. Дегенмен менің бұл жауаптарға қосарым: амалдардың қайырлысы – Алланың қабыл еткені, айлардың қайырлысы – күнәні азайтып, Аллаға қайтып, шынайы тәубе жасаған айың,  ал, күндердің қайырлысы – мына дүниеден иманмен мұсылман ретінде қайтып, Алла Тағалаға қауышқан күнің», – деген екен”  (Мунаббихат, Ибн Хажар).

Шынында Али (р.а.) осы жауабымен ғылымның қақпасы екенін дәлелдемеді ме?! Қаншама кісілер бар өмірінде неше жұма күні, неше Рамазан айы өтіп жатса да сезінер емес. Құрмет етіп, жинақталып амал етпесе қасиетті ай мен күндерден не пайда?!  Қанша амалдар атқарып жатырмыз бірақ Алла Тағала қабыл етті ме мәселе сонда. Тегінде мұсылман үшін ең бақытты күн – иманын аман-есен о дүниеге алып кете алған күн емес пе?!

Иә, қасиетті ай да аяқталып қалды. Сезіндік пе? Өзгердік пе? Кешірдік пе, Алла тарапынан кешірілдік пе? Рухани жинақталдық па әлде төмендедік пе?  Осы сұрақтар мазалайды...

Бүгінгі  Рамазан айының соңғы Жұмасы мүбәрак болсын, ағайын! УА ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН, ҚОШ БОЛ!  БІЗДЕН РИЗА БОЛ...

#рамазан2015 ораза
Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
4 жыл бұрын 3453
3 пікір
  • Ораза айынан еш хабары жок ман бермейтин, сырасын ишип, Капшагайда демалып журген таныстарым бар. Аллам оларга хидаят берсин
    4 жыл бұрын
  • Иә, расымен Рамазанның соңғы жұмасы екен ғой... Аллаһым бізді осы айда мол сауаптар жинаған құлдардан етсін!
    4 жыл бұрын
  • Иә, қасиетті ай да аяқталып қалды. Сезіндік пе? Өзгердік пе? Кешірдік пе, Алла тарапынан кешірілдік пе? Рухани жинақталдық па әлде төмендедік пе? Осы сұрақтар мазалайды...
    4 жыл бұрын
Блог туралы
0
19697 101 190 1147 127