Тәуелсіздіктің қадірін білейік!
Тәуелсіздіктің қадірін білейік!

(Жазғы каникулда Имандылық дәрістерін оқып, Құран үйреніп жатқан балаларды көргенде келген ой)

Келмеске кеткен кеңес кезінде Қазақ елі әуезді азан мен Құранның жаңғырына зар болды. Баласына иманшартын үйретпек түгілі жасырып сүндеттендірді, қорыққаннан батаға қолын жая алмады, тіпті жаназасы оқылмай қалған жандар болды...

Ескендір есімді досымыз ауданында мешіт ашып, микрофонмен алғаш азан оқылғанда ауылдағы иттерге дейін үріп барлық жануарлардың қосылып кеткенін айтып, диктофоннан да есіттіріп еді. Керекуде жүргенімізде баласымен сұxбаттасып едік: бір әжеміз (молданың қызы екен) совет кезінде:  МҰСЫЛМАНШЫЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ - ҚҰРАН, РУХЫ - АЗАН. ҚАРАҚТАРЫМ, МЕН КӨРЕ АЛМАСАМ ДА СЕНДЕР КӨРЕСІҢДЕР, БОДАНДЫҚТАН ҚҰТЫЛАМЫЗ, ЕГЕМЕН ЕЛ БОЛАМЫЗ, ҚАЗАҚТЫҢ САХАРА ДАЛАСЫНДА  АЛЛАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН АЗАН ЖАҢҒЫРАДЫ, ҚҰРАН ҒЫЛЫМДАРЫ, АРАПША САРЫФ, НАХИВ КIТАПТАРЫ ОҚЫЛАДЫ - деп жылап отырады екен. ӘЖЕТАЙЫМ, АЙТҚАНЫҢЫЗ КЕЛДІ. БАБАЛАРЫМ, ҰРПАҚТАРЫҢ ЖАМАН ЕМЕС - деп айқайлағың келеді қуаныштан жылап...
Шүкір, көрдік. Не деген бақытты едік! Адамзатты екі дүние бақытына жетелейтін асыл дінімізді, қасиетті Құранымызды қысылмай-қымсынбай, ешкімнен тартынбай үйреніп, құлшылығымызды толық жасап жатырмыз. Осындай мүмкіндікті сыйлаған бірінші Аллаға, екінші тәуелсіздікке қарыздармыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 жыл бұрын 867
4 пікір
  • амин
    1 жыл бұрын
  • Апамыздың сөзіне әсерленіп, ол кісінің айтқанының келгенін ойлағанда қатты қуандым. Аллаға шүкір! Дұрыс бұның бәрі тәуелсіздіктің арқасы.
    1 жыл бұрын
  • қазіргі жастар өкілі ретінде айтарым: иә шынында тәуелсіздіктің қадірін сондай қатты түсіне бермейміз. Керемет ой түйіпсіз
    1 жыл бұрын
  • Әумин. Раббымыз Алла жар болсын.
    1 жыл бұрын