ТҮН
ТҮН

Сейіле бастаған қараңғы түнге серт, тыныс алып, арайлап ата бастаған таңға серт! (Тәкуир сүресі 17-18) ]

    Түн - тақуалар үшін ғанибет. Түн - тылсым сырларға толы. Түн - денемен бірге рух та демалатын уақыт. Түн - кемел адам үшін жүрегі жай тауып, кеудесіне сәуле түсіп рахаттыққа бөленетін кез. 

  "...Түнде жылап, күндіз күлетін, іші жыласа да сырты күлетін, оңаша жүретін ойшыл, тақуа жан еді..."

Түнде өмір жоқ

Дейтіндер кім?

Білмеймін. (Ә. Тәжібаев)

Дәруішке түн ұзақ (Парсы мақалы)

Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар. (М. Әлімбаев)

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, 

(Ұйықтасын сапарларын тамамдаған). 

Алдымда сапар жолы тарам-тарам, 

Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.

 

Түн менің ұйқым үшін жаралмаған, 

Түн келсе, түйсік түсіп, алаң болам. 

Іздеймін жоқтарымды таба алмаған, 

Аңсаймын жерлерімді бара алмаған.

 

Алдандырып, әлдилеп кеше-бүгін, 

Неше жылым өтті екен, неше күнім? 

Қаншама ойлар қалды екен қаза болып 

Жастығымның астында, төсегімнің?

 

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тен шала-жансар өлімменен.

Қанша менін өлді екен уақытым 

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?! (М.Мақатаев)

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
10 күн бұрын 296
0 пікір
Блог туралы
0
19697 101 190 1147 127