АНАНЫҢ ТАБАНЫ
АНАНЫҢ ТАБАНЫ

 Ана. Үш-ақ әріптен тұратын сөз... Осы үш әріпте сондай күш бар, баланың тілі осы сөзбен шығады, жанын жадыратады, тіпті егер ол риза болмаса жан тапсырар кезінде баласы тілін кәлимаға келтіре алмауы мүмкін. Сахабалардан Алқаманың жағдайы солай болмады ма?!  Құран Кәрімнің көптеген жерінде төрт әмір қатар келеді, бірі болмаса екіншісі толық болмайды. Олар мыналар:

1 – Аллаға және Пайғамбарымызға (С.А.С.) мойын ұсыну ("Әли Имран" сүресі 31, 32. "Әнфал" сүресі 20, т.б. )

Егер бір кісі Алланың Расуліне мойын ұсынбаса Аллаға деген құлшылығы қабыл болмайды.

2 – Аллаға құлшылық және ата-анаға жақсылық жасау ("Исра" сүресі 33, 34. "Лұқман" сүресі 14, т.б.)

Әке-шешесіне қарсы келген кісінің ғибадаты толық болмайды.

3 – Намаз оқу және зекет беру ("Бақара" сүресі 43, "Нұр" сүресі 56, т.б.)

Зекетін бермеген кісінің намазы толық болмайды. Себебі, нағыз мұсылман ақша көп кезде белгілі болады.

4 – Иман және салих амал яғни ғибадат пен ізгі істер ("Байина" сүресі 7.  "Ниса" сүресі 122, 173. т.б.)

  Құран жолындағы бір шәкірт бір күні ғажап бір түс көріпті. Дәрістен кейін көрген түсін ұстазына айтуға оқталады. Қымсынып, бір нəрсе айтқысы келіп тұрған шәкіртін байқаған ұстазы қысылмай айтуын өтінеді. Сонда шәкірті:

- Түсімде сіздің сақалыңыз тұтас алтын, қымбат бағалы тастарға айналып кеткенін көрдім - деді. Бір сәт жымиған ұстазы бір күрсініп, терең ойға шомып, көзіне жас алып былай депті:

- "Көрген түсің хақ екен. Кеше кешкісін қарт анамның жанында болып, ұзақ әңгімелескеннен кейін ойыма Пайғамбарымыздың: "Жəннат аналардың аяғының астында" деген хадисі есіме түсіп, Анашым “Қой, балам” деп қарсы келсе де қос табанына жүзімді, иегімді сипап едім. Анамның табанына тиген сақалым алтынға айналған екен ғой...  (Рух ал-Баян тәпсірінен).

Ел арасында аналарға қатысты «алтын құрсақ» деген теңеу бар. Біле білсек аналардың өзі ғана алтын емес, оның мейірімі түскен жерлер де алтынға айналары ақиқат. Әттең, бірақ сол қасиетті үш әріптің қадірін мына біз пенделер тірі кезінде толық біле алмай жататынымыз өкінішті . . .

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 год назад 2167
6 комментариев
  • Анамыздың бір толғағын өтейтіндей Қажылыққа да арқалап апарған жоқпыз. Онда да бір толғағын өтей алмас едік. Уа, Раббым!
    Бізге ата-анамыздың разылығын алуды, олардың үміттерін ақтауды нәсіп ет!
    1 год назад
  • Мықты, Әділxан ағамыздың мақалаларын асыға күтеміз.
    1 год назад
  • Көнбіс анам, момыным, ұяңым-ау,
    Секілдісің оқусыз зиялылау.
    Жеңге деуші ем өзіңнен туа тұра,
    Болғанымба, япырау, қиялилау?!

    Ата-енеңді сыйладың, қас-қабығын.
    Таза ұстадың шынысын, ас табағын.
    Бәрін-бәрін ойласам бұл шағымда,
    Сенің ұяң бейнеңнен жасқанамын.

    Ұяламын, ізеттім, әруағыңнан,
    Қаумалайтын тек үнсіз жан-жағымнан
    Сен ұстаған кесте біз, тұс киіздер,
    Айналтады бал тамған бармағыңнан.

    Е. Нүсіпбеков
    1 год назад
  • Бар тілерім Жаратушы Бір Хақтан,
    Саған сарай болсын деймін Жұмақтан!
    1 год назад
  • Ана туралы сөз, тілек, ой айтып тауыса алмаймыз. Аналарыңызды көзі тірісінде биік деңгейде сыйлап, қадіріне жете біліңіздер
    1 год назад
  • Ата-анамыз жәннатқа апаратын жолдама ғой.
    1 год назад
О блоге
0
19697 101 190 1147 127