Бекер өткен уақыт-ай
Бекер өткен уақыт-ай

 قالَ الإمام البُخاريُّ ــ رَحِمَهُ اللهُ تَعَالَىٰ ــ فِي "صحيحه" (8/88) / (6412): حَدَّثَنَا الْمَكِّيُّ بْنُ إِبْرَاهِيمَ، أَخْبَرَنَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَعِيدٍ هُوَ ابْنُ أَبِي هِنْدٍ عَنْ أَبِيهِ، عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: (نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ).

 
Адамдар екi нығметтiң қадірiн бiле бермейді: денсаулық пен уақыт (Хадис).
 

Үндістанда маймыл аулаудың мынадай жолы бар екен: үнді жаңғағын тесiп, жiптi өткізіп, ол жiптi ағаш немесе қазыққа мықтап байлайды. Жаңғақты маймылдың қолы сиятындай ойып, қуыс жасап, ол жерге тәтті қояды. Сосын аңшы жасырынып "құрбандығын" күтеді. Маймыл тәттінің иiсiн сезiп жақындай келе қолын салып тәттіні жей бастайды. Сол мезетте аңшы жүгіріп келiп ұстай қояды. Негiзiнде маймылды ештеңе ұстап тұрған жоқ, тек ашкөздiгiнен қолын жаңғақтан жiбермей жiпсiз байланып, тұзаққа түсіп қалады. Біздің де көбінесе көп нәрсеге "тәуелді" болып, өзімiздi тоқтата алмай, қаншама уақытымыз бен денсаулығымызды жоғалтып жататынымыз ақиқат...

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 год назад 838
3 комментария
  • Шынында да бос уақыт көп өткіземіз. Алла разы болсын
    1 год назад
  • "Самый мудрый человек тот,кого раздражает пустая потеря времени"
    1 год назад
  • Қиямет жақындаған сайын уақыт жылдам өтіп, қадірі қалмайды. Ал, қадірін біліп, тиімді пайдаланған адам уақытта уысында ұстайды.
    1 год назад
О блоге
0
19697 101 190 1147 127