Ішкі жан-дүние мен жүрек тыныштығы
Ішкі жан-дүние мен жүрек тыныштығы

Кесіртке мен жылан арпалысып екеуі де беріспей дап-дала қанға боялады. Бір кезде жараланған кесіртке жылдам бұрылып барып, бір шөпке қайта-қайта аунап, жарасы жеңілдеп, әл жинап, қайта күресін жалғастырады. Ол шөптің жараны тез жазып, денеге қуат берер қасиеті болса керек-ті. Бұл сырды білген кесіртке тағы да әбден әлсіреген уақытында қайта сол шөпке аунап алып, дұшпанын жеңуге қайта кірісіп кетеді...

Айтайын дегенім: Сынақ үшін берілген мына жалған өмірде әсіресе сананы тұрмыс билеп, құндылықтар материалдық таразымен өлшенетін, арсыздық асқындаған мына заманда нәпіс пен шайтанның шабуылынан, ойы тек арбау-алдау, пайдаланып қалу болған ортадан кейде әлсіреп, еңсеміз түсіп, жүрегіміз тынышсызданатын кездер жиі болады. Сол көңілсіз күйді жеңудің бірден-бір жолы - жоғарыда келтірілген көріністегі кесірткенің шөпке аунап әлденгені секілді жұмыр басты пенденің жаны жайнамазда жай тауып, маңдайын сәждеге қойып, Ұлы Раббымен "сырласуы", тақуа жандармен сұхбаттасу болса керек-ті:

أَلاَ بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 год назад 3926
9 комментариев
О блоге
0
19697 101 190 1147 127