Рамазан айы - өзін өзгерту айы
Рамазан айы - өзін өзгерту айы

لو علمت الأمة ما في رمضان لتمنت أن تكون السنة كلها رمضان

"Үмбетім Рамазан айындағы шексіз жақсылық пен есепсіз сауапты білсе жыл -он екі ай Рамазан болса екен деп армандаушы еді" (Хадис)

 

Мұсылман әрбір күнін бекер өткізбей, жалқаулыққа салынбай, өзін жан-жақты өзін жетілдіріп, ой-өрісін дамытып, білімін шыңдауы тиіс. Сүйікті Пайғамбарымыз ( С.А.C.) хадистерінде былай бұйырған:

-Қуатты мүмин әлсіз мүминге қарағанда анағұрлым Аллаға сүйкімді, әрі ардақты. Дегенмен әрқайсысына да  жақсылық бар. Сен өзіңе пайдалы нәрсеге ұмтыл. Алладан жәрдем сұра. Әлсіздік танытпа.

-Екі күні тең болған кісі зиянда.

عن عَائِشَةَ رضى الله عنها قالت : قال النبي صلى الله عليه و سلم :"" أحب الأعمال إلى الله

 أدومها وإن قل "" رواه مسلم

 

-Аллаға жақсы істердің ең сүйкімдісі аз да болса үздіксіз жалғасқаны.

 (Тапжылмай, табандылықпен еңбек ету кемелдіктің белгісі. Тасты тескен тамшының үлкендігі емес, тоқтамай, жалықпай, үздіксіз тамшылауында)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ , قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " وَمِنَ النَّاسِ نَاسٌ مَفَاتِيحُ لِلْخَيْرِ مَغَالِيقُ لِلشَّرِّ , وَمِنَ النَّاسِ مَفَاتِيحُ لِلشَّرِّ مَغَالِيقُ لِلْخَيْرِ , فَطُوبَى لِعَبْدٍ جَعَلَ اللَّهُ مَفَاتِيحَ الْخَيْرِ عَلَى يَدَيْهِ ، وَوَيْلٌ لِعَبْدٍ جَعَلَ اللَّهُ مَفَاتِيحَ الشَّرِّ عَلَى يَدَيْهِ

 -Ақиқатында, адамдардың арасында жақсылықтың кілті, жамандықтың құлпы болған кісілер бар. Және адамдардың арасында жамандықтың кілті, жақсылықтың құлпы болғандары да бар. Жақсылықтың кілті болған адамдар қандай бақытты жандар, ал, жамандықтың кілті болғандарға нендей қасірет!

     Абай атамыз да өзінің қара сөзінде :«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,  кедейлік – бәрі осыдан шығады» - деп, еріншектіктің адамды қор қылатындығын екендігін  айтады

     Ал, Рамазан айы – дәл сол мұсылмандық сипаттарын толықтырып,  жаман әдеттерден арылып, жақсылыққа қарай өзгеретін ай. Көптеген ғұламалар осы қасиетті айда жаман әдеттерді тастауға мүмкіндіктің мол және жеңілірек болатындығын айтқан. Имам Раббанидың (рахматуллаһи алайһи) 45-нші хатында Рамазан айындағы жинақылықтың жыл бойына әсер ететіндгін, яғни Рамазан айының жылдың жүрегі екендігін айтады:

Кімде-кім осы айды жақсылық пен ізгі амалдар жасап, рухани жинақылықпен өткізсе жыл бойы жинақы жүруге қол жеткізеді. Ал, салғырттықпен шашыраңқы өткізген кісі жыл бойы сол қалпынан серги алмайды. Сондықтан бұл айдың қадірін біліп, мүмкіндігінше рухани жинақылықпен өткізу керек. ”

Алла Тағала бәрімізге өзгеруге жазсын, Рамазан айы мүбарак болсын, достар

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 год назад 2183
7 комментариев
О блоге
0
19697 101 190 1147 127