ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАС БАР МА ҚАЗІР?!
ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАС БАР МА ҚАЗІР?!

 - Кейбір азаматтар бар үлкен істер атқарып жүрсе де, үн-түнсіз, көптің бірі болып жүре бергенді жөн көреді. Ал, кейбір кісілер "айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады" дегендей кішкентай ғана жақсылық жасаса улатып-шулатып, жер жаһанға жариялап, тау қопарғандай жар салады. Жалпы қазіргі кезде Құдай бiлсе жетеді деу, ықылас азайды, кiшкентай жақсылығын жарнамалап сауабынан құр қалып жатады. Мен түйешiнің баласымын, баққан кiсi бiледi, түнде түйелерден көз жазып қалмау үшін бәрiн бiр-бiрiне байлай келiп, жiптi аяғына байлап өзі ұйқыға кетеді. Түйенің мықтылығы соншалықты, түнде бақырып шақырмай, ешкімді мазаламай, үн-түнсіз төлдей салады. Таңертең иесi тұрып жаңа туылған ботаны көрiп қуанып жатады. Ал, тауықтың табатыны бiр жұмыртқа, сол үшін елдi улатып-шулатып, "жарнама" жасап, "бедел" жинағысы келеді . Алла Тағала Құранда түйенің шыдамдылығын бекер мақтамаса керек, арқалағаны алтын, жегенi жантақ - деп қорытындылады ақсақал әңгімесін. Бәріміз қатты ойланып қалдық...

Әділхан ЖақсыбекӘділхан Жақсыбек
1 год назад 1102
7 комментариев
  • Ақсақалдың мысалы керемет екен! Расында солай ғой. Оның үстіне түйе шөлге төзімді. Ораза кезінде де адамдар шөлге төзімді болуда түйе секілді болса дейсің. Ораза қабыл болсын!
    1 год назад
  • Түсінер жан болса "өлтіріпті". Показуxа, рия көп қазір
    1 год назад
  • Машаллаһ. Əр сөзі сайдың тасындай жұп жұмыр, тілге жеңіл, жүрекке жұмсақ екен. Алла разы болсын Əдеке!
    1 год назад
  • Ассалаумағалайкум! Мұны Алланың құлы болуға емес, атақ пен даңқтың құлына айналдырған өтпелі кезең деп есептейік. Өйткені, "СССР -дің идеологиялық темір торында" өскен біздің буын еліміздің егемен ел болып дініміздің ортамызға оралғанына шексіз шүкір, тәуба деймін! Санасыз "тауықтар" болған, бірақ болашақта олар өзінен-өзі жойылады. Имандылық қанында бар қазақ есін жинап есейіп келеді, Машаллаһ!!! Өте тамаша жазылған Әділхан бауырым!
    1 год назад
  • Үлкен раxмет, құрметті Қайреке. Айтқаныңыз келсін, Әбдіқадыр аға, раxмет
    1 год назад
О блоге
0
19697 101 190 1147 127