Қасас сүресіндегі Қарун байдың ғибраттары
...Қарынбай деген бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты. Бірақ ол жетім-жесірге, кедей-кепшікке мүлдем қарайласпайды екен. «Сендер жұтып отырған ауа да менікі» деп малшы-жалшыларының маңдай тер ақысын да бермейтін көрінеді... Қасас сүресі (76-84 аяттар): Рас Қарұн, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: “Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді” деді. (76) “Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де...