БІЗ ОСЫ ШЫНАЙЫ БАУЫРМЫЗ БА?!
БІЗ ОСЫ ШЫНАЙЫ БАУЫРМЫЗ БА?!

 Сарий ас-сакати (атақты фақиһ Маруф ал-кархи кезiнде өмір сүрген, жас кезінде саудагерлік жасаған тақуа ғалым) шәкірттерімен әңгіме барысында: “30 жыл бұрын “Әлхамдүлиллаһ” дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба етiп келемін” дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, ғұлама былай деп түсіндіреді:           

   “Бағдат базарында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өртеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен: “Сенің дүкеніңе ештеңе болмапты” деген сүйінші хабарға абайсыздан “Әлхамдүлиллаһ” деп қалдым.

Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім: мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қиналдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын деген мақсатпен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойын тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін – адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын, топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын – дейді

БІЗ ОСЫ ШЫНЫНДА ШЫНАЙЫ БАУЫРМЫЗ БА?!

  «Оо-о, аға немесе бауырым, жақсы көрем» деп айту оңай, алайда шынында жақсы көресің бе? Шынайы бауырмашылдықтың, жақсы көрудің үш шарты бар:

1) Жақсы көрген адамның сүйгендерін сүйеді, сүймегендерін сүймейді. Досыңның дұшпанымен дос болу нағыз достыққа жатпаса керек-ті

Мысалы Алланы жақсы көрудің шарты   الحبّ فى الله البغض فى اللهАлла үшін сүйе білу . Егер бұған мән берілмейтін болса, бауырыңа махаббат тек тілде ғана қалады.

2) Оның басына күн туғанда шын қайғырып, дертіне ортақ болады:

Қайғысымен бөліседі, қарызы болса жәрдемші болады, ауырып қалса емдеуге асығады. Жақсы көрген адам махаббатын дәлелдеу керек. Дін бауырмашылығы осындай болады. Бір сахаба бір соғыста өлім жағдайда жатып су сұрайды. Әкелінген суды ішейін деп жатқанда, жанындағылардан «СУ-УУ!» деген үнді естіген кезде «Мені қоя бер, алдымен суды бауырыма бер!» дейді. Осылайша бірінші, екінші, үшінші кісі де суды ішпей, бір-біріне ұсынып жатқанда қайтыс болады. Сол бір кесе су ешбіріне нәсіп болмайды, себебі бәрі дін бауырларын өзінен артық деп білетін еді.

3) Оған білдірмей артынан дұға етеді: Ауырып қалса, қиналғанда немесе қарызы көп болса «Уа Раббым, оған шипа бер! Оны бұл қиыншылықтардан құтқар!» деп шын жаны ашып, Аллаға жалбарынып дұға етеді. Бауырыңа сыртынан дұға етудің сауабының орасанзор екені жеке тақырып.

Осы 3 шартты жүзеге асыра алған адам шынымен дін бауырын жақсы көреді деген сөз. Өкінішке орай біз:

- Жауды көрсе өз жанын ойлап, қашып кетпейтін батыр бабалардың өз қамын ғана ойлап, шындықты айтуға батылы жетпейтін жасық ұрпақтарымыз

-...шөлдеп, сусыздықтан өлейін деп жатса да "суды алдымен бауырыма бер" - деп ішпеген бауырмашыл Саxабалардың "НЕГЕ АЛДЫМЕН МАҒАН БЕРМЕДІҢ" деп ренжитін өзімшіл, эгоист "ізбасарларымыз"

- Түнімен намаз оқып аяғы, Аллаға жалбарынып көзі іскен Пайғамбарымыздың ұйқыдан көзі іскен, өсектен "жағы түскен" үмбетіміз...

Әлем СұлтаныӘлем Сұлтаны
9 лет назад 14887
0 комментариев
  • бауырмашылдық қой жетіспейтіні. тіпті соғыс кезінде бауырмашылдық болды, ал бейбіт заманда неге бұлай болды, неге ниет тарылып кетті? Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабалардың "алтын ғасыры" енді келмейтін де шығар
    9 лет назад
  • Бауыр еті баласынан безген заманда өмір сүріп жатырмыз. Өкінішті-ақ...
    9 лет назад
  • Өзекті тақырыпты қозғапсыз. Рақмет! Бауырмалдығымыз арта берсін!
    9 лет назад
  • Мен де окинишке орай мусылманмын дегендердин бир бирин лактыргандарын аз кормедим бок дуние ушин...
    9 лет назад
  • "Бұрынғы кезде үйлер тар, көңілдер кең еді. Ал қазір үйлер кең, көңілдер тар болды."
    9 лет назад
  • Белый, катты айтсаныз да шындыкты айттыныз
    9 лет назад
О блоге
0
19697 101 190 1147 127
Прямой эфир